Тапсырмалар тізімін қарап шығу

Сіз Kaspersky Security Center бағдарламасында жасалған тапсырмалар тізімін көре аласыз.

Тапсырмалар тізімін көру үшін,

Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.

Тапсырмалар тізімі көрсетіледі. Тапсырмалар, өздері қатысты болып табылатын бағдарламалардың атауы бойынша топтастырылған. Мысалы, Бағдарламаны қашықтан жою тапсырмасы Басқару серверіне, ал Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасы Желілік агентке қатысты болып келеді.

Тапсырма сипаттарын көру үшін,

тапсырманың атауын басыңыз.

Тапсырма сипаттары терезесі бірнеше атаулы қойындылармен бірге көрсетіледі. Мысалы, Тапсырма түрі тармағы Жалпы қойындысында, ал тапсырма кестесі Кесте қойындысында көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Тапсырмалар

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды анықтау және түзету

Басына оралу